М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Красотка1000485
Красотка1000485
01.03.2020 20:03 •  Қазақ тiлi

Стих про здоровье на казахском языке с переводом

👇
Ответ:
Yoss12
Yoss12
01.03.2020

Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Қара айнаға, көресің

Өзіңді – адам денесін.

Қол - аяғың, басың бар,

Бұған кеуде қосылар-

Құрылысың бұл сыртқы.

Көрінбейді жүрегің,

Өкпе, миың, бүйрегің-

Құрылысың бұл ішкі.

Сымбат - мүсін дегенің

Бітім – көркі денеңнің.

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.

4,4(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
irinkagoncharo
irinkagoncharo
01.03.2020

Қыстап қалатын құстар.

Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.

Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады.

Қыстап қалатың  құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.

Сондықтан біз қыстап қалатын құстарға қамқорлық танытуымыз керек. «Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.

Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз. Осы айтқаныма дәлел келтіріп көрейін: Қыс мезгілі басталып та кетті. Айналаның бәрі аппақ қарға оранған. Осында қыстайтын құстарға арнап балалар еңбекке баулу сабағында мұғалімнің көмегімен ұя жасауда. Бұл деген құстарға үлкен қамқорлық қой. Себебі, күн суытып, жердің бетін қалың қар басқан соң қыстап қалатын құстарға жем тауып жеу қиынға соғады. Ал оқушылар ұя дайын болған соң, оны ағаш басына іліп, әрдайым жем шашып тұрады. Сөйтіп, құстар қыстан аман - есен шығады. Ал сіз құстарға қамқорлық танытасыз ба?

4,6(50 оценок)
Ответ:
Divas888
Divas888
01.03.2020
Қазақстан, Қазақстан алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның. Қазақстан елім менің берекем, Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, Арайланған Тәуелсіздік мерекем. «Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық. 
4,6(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ