Мектеп деген білімнің,
Мөлдір тұнық бұлағы.
Ұстаз деген шəкіртің,
Жол көрсетер шырағы.
Оқу білім таныған,
Бұл өмірде ұлы жан.
Оқу білім танымаған,
Қараңғыда қаңыраған.
Оқу-біліммен жарық,
Күндерің нұрға толып.
Білім деген бағың,
Басыңда тұрған қонып
.
Оқу үшін бар мектепке,
Босқа жүрме текке.
Оқыған жандар,
Бақыттылар бұл өмірде.
Оқысаң бағың жанып тұр,
Босқа өтпей уақыт құр.
Оқымасаң егер сандалып,
Ата-анаңа сор болып тұр.
Оқу-біліммен нұрланайық,
Жас көңілді босқа былғамайық.
Ұстаз деген ұлы жан ардақты,
Сондықтан ұстаздарды бағалайық.
Көз майын тауысу – көп оқу арқылы білімге ұмтылу. Синонимі: көзі ашылу.
Ит арқасы қиянда – алыста. Синоним:жер аяғы қиянда, ит өлген жер.
Инемен құдық қазу – ауыр. Синонимі: қабырғасы қайысу.
Жүрегі жарылу – қатты қуану. Синонимі: төбесі көкке жету.
Жерден жеті қоян тапқандай – үлкен қуаныш. Синонимі: екі езуі екі құлағына жету.
Маңдай терін төгу – қажырлы еңбек ету. Синонимі: жердің жарығын бітеу.
Қиындықта шыңдалу – қиындыққа қарсы тұру. Синонимі: ыстық-суықты көру.
Тағылымдамадан өту – тәжірибе жинау. Синонимі жоқ.
Биік дәрежеге жету – биік деңгейге көтерілу. Синонимі: беделі көтерілу.