Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.
Мақсат - жетістіктің желкені.
"Талапты бала талпынған құстай" демекші, мен де әрдайым алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын. Маған ешқандай тосқауыл кедергі бола алмайды. Ақырында, көздеген мақсатыма жету үшін тынбай еңбектенемін. Бір айта кететіні, ата - анам үнемі менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, құптап отырады. Бұл үлкен сенімді мен де ақтауға тырысамын. Болашақ өміріме қажет болар деп, сабақтан бос уақытта Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілетім мен ерекшеліктерімді сынап көремін. Бірі болмаса екіншісі іске асар деген үмітпен үнемі қозғалыс үстінде боламын. Көп балалардың арман баспалдағы осы жерден, яғни Оқушылар сарайынан бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастарды жігерлендіріп, ұшқыр қиялын қияға ұшырып, қанаттандырады.
Бүгінгі таңда XXIғасырдың балалары ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқандықтан, оларға барлық мүмкіндіктер жасалған деп ойлаймын.
Әжемнің айтқан әңгімелерін тыңдасам, бұрынғы кезде суды да тасып, отын жағып, телефонмен қоңырау шалу үшін аудандағы поштаға барып, хабарласатын болған.
Ал қазір ше? Заман өзгеру үстінде. Кіммен сөйлесем десеңіз де, үйде сымды телефон, қолыңызда ұялы телефон, жер шарының кез келген жеріне телефон шалу мүмкіндігі бар. Интернеттің дамуы арқасында бұрын – соңды ойламаған жерлермен видео байланыс орнатып, кез – келген университеттің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ірі мұражайларды онлайн режимінде де аралауға болады. Сабаққа қажетті материалдарды да осы Интернет арқылы тауып, мультифункционалды құрылғылар арқылы шығарып алуға болады. Ал бұрын ойлап көріңізші, қағаздың барлығын қолмен жазып, кітапты тек кітапханада дәстүрлі түрде оқуға болатын. Қазір болса, кітапты да электронды түрде жүктеп алып, ыңғайлы кезде оқи аласыз. Шет тілдерін меңгеру үшін шетелде тұратын дос тауып, сөйлесуге де болады. Тіпті шетелдік іргелі оқу орындарының емтихандарын үйде отырып, ғаламтор арқылы тапсыруға болады. Қазір өмір әлдеқайда жеңіл деп есептеймін.
Сондықтан осындай үлкен мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақта Қазақстанның беделді азаматы болуым үшін талаптанып, алға ұмтылайық!