Электронды пошта дегеніміз - Интернет желісіндегі дәстүрлі поштаның электронды нұсқасы.
Электронды пошта ашу үшін алдымен кез келген доменге кіріп, «тіркелу» батырмасын басу қажет. Әдетте бастапқы беттің сол жақ үстіңгі жағында орналасқан «жаңа жәшікті тіркеу» деген батырманы басамыз. Ашылған жаңа терезеде поштаны тіркеу үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді теріп, жазасыз. Алдымен аты – жөніңіз, туылған күніңіз, жынысыңыз, өзіңіз қалаған электронды поштаның адресі, құпиясөз және құпиясөзді ұмытып қалған жағдайда керек болатын қосымша электронды пошта. Қалауыңыз бойынша қосымша жәшіктің орнына өз телефон номеріңізді тіркей аласыз, құпия сөзіңізді ұмытып қалған жағдайда телефоныңызға хабарлама келіп түсетін болады. Барлық жолақтарды толтырып болған соң, жазулардың дұрыстығын тексеріп алып, «тіркелу» батырмасын басасыз.
Электронды пошта алыс - жақындағы туыстармен, достармен, сонымен қатар жұмыс беруші үйымдар мен оқу орындарымен хат алмасып, хабарласу үшін қажет.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.