Менің ауылым
Мен ауылым - өзіміз тұратын қаладан жүз шақырым жерде орналасқан аудан орталағы. Онда менің нағашы атам мен әжем тұрады. Мен оларға демалыс кезінде барып демалып, әрі ауылдың таза ауасымен тыныстап, экологиялық таза өнімдерді жеп, біраз күш жинап қайтамын. Атама мал жайып, шөп жинауға да көмектесемін. Малға су құйып, қора жинаймын. Ауылдық жер болған соң, атқарылатын шаруа әрқашан көп. Қыс мезгілінде қар күрейміз.
Достарыммен бірге футбол ойнауды да ұмытпаймыз.
Ауылдағы өмір қызыққа толы. Мейрам уақытында жергілікті мәдениет үйінде концерт тамашалаймыз.
Ауылға барғанды қашанда асыға күтемін.
Кітап-5 əріп, 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз.
К-дауыссыз, қатаң
і-дауысты, жіңішке
т-дауыссыз, қатаң
а-дауысты, жуан
п-дауыссыз, қатаң
Білім-5 əріп, 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз.
Б-дауыссыз, ұяң
і-дауысты, жіңішке
л-дауыссыз, үнді
і-дауысты, жіңішке
м-дауыссыз, үнді
Мектеп-6 əріп, 6 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 4 дауыссыз.
М-дауыссыз, үнді
е-дауысты, жіңішке
к-дауыссыз, қатаң
т-дауыссыз, қатаң
е-дауысты, жіңішке
п-дауыссыз, қатаң