Қазақ халқының жаңа жылы 22 наурызда тойланады. Бұл күні ата-бабаларымыз күн мен түн теңеледі деген. Барша жамағат үстеріне әдемі киімдерін киіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып бір-біріне қонаққа барған. Әр үйдің шаңырағында наурыз көже пісіріліп қазан асылған. Ауыл ауыл болып жиналып ұлттық ойындар мен сайыстар өткізілген. Қазіргі таңда да Наурыз мейрамы салт дәстүр бойынша дүркіреп тойланып келеді. Жыл сайын қалаларымыздың орталық алаңында киіз үй тігіледі. Әр келген қонаққа наурыз көже мен қоса ұлттық тағамдар ұсынылады.