Айгүл Мұратқызы Жұмабаева
1964 жылы 21 наурызда РКФСР Мәскеу қаласында туған. Қазақ.
С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін (2001) журналист мамандығы бойынша; Maastricht school of Management бітірген (2004), МВА.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1981 жылдан - ҚазКСР телевизия және радиохабар бойынша Мемлекеттік комитетінің атшабары, бағдарламалар бас дирекциясының әкімшісі . 1986 жылдан -республикалықтелевизия режиссерініңкөмекшісі , редакторы. 1997 жылдан - «Радиосити» ТРК ЖШС директоры. 2003 жылдан - «Caspionet» каналының уйлестірушісі ; 2004 жылдан - бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары; 2006 жылдан бері - «Хабар» Агенттігі» АҚ «Caspionet» каналының директоры.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005). ҚР Президентінің алғысымен ескерілген (2006).
Хоббиі - киімді улгілеу және тігу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Л.Н. Толстой, Дж. Лондон, Т. Драйзер, О. Бальзак.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы. Ұлы - Дәулет (1991 жылы туған); қызы - Әсел (1994 жылы туған
Менің отбасым.
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.
Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.
Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!