М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
begk55
begk55
25.07.2021 19:48 •  Қазақ тiлi

1.мына сөйлемдердегі әрбір сөзді буын түрлеріне ажыратып жазыңдар. айнала рөлге толы,ортасында әдемі сөйлеу киген қызсебелете су құйып тұр.

👇
Ответ:
verastepanova5
verastepanova5
25.07.2021
))))))))))))))))))))))
1.мына сөйлемдердегі әрбір сөзді буын түрлеріне ажыратып жазыңдар. айнала рөлге толы,ортасында әдемі
4,4(96 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
89271870095
89271870095
25.07.2021
Бірде өзінің салыстырмалылық теориясын түсіндіру кезінде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн Қолыңызды бір минут ыстық оттың үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай көрінеді, ал сүйіктіңізбен өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады деген екен.

Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.

Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.

Уақытқа қатысты қызықты деректерге сүйенсек, шамамен 800 миллион жыл бұрын, ерте замандағы тіршілік пайда болғанға дейін Жер бетін қалың мұздақ басып тұрған дәуірде бір жылда 486 күн болыпты. Ал жүз миллиондаған жылдар өткен соң - динозаврлар дәуірінде бір жыл 370 тәулікке дейін қысқарған. Дәл қазір оның небәрі 365 күннен ғана тұратыны белгілі. Неліктен бұлай? Өйткені, ғасырлар өткен сайын ай гравитациясының әсерінен Жер ғаламшарының айналу жылдамдығы азайып келе жатыр. Соның салдарынан күндер ұзарып (шамамен бір мыңжылдықта 1,7 миллисекундқа), ал жылдар қысқаруда.

Яғни, уақыт гравитация әсерінен өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, гравитация көзі болып табылатын Жер ортасына объект неғұрлым жақын болған сайын, уақыт соғұрлым баяу жылжиды. Мәселен, әлемнің ең биік шыңы Эвересте бір жыл теңіз деңгейімен салыстырғанда 15 микросекундқа аз.

Сондай-ақ уақыт объектінің кеңістіктегі қозғалысына байланысты. Мұндайда көбіне "егіздер парадоксын" мысалға келтіреді. Мысалы, екі егіздің бірін ғарышқа аттандырсақ, ұшып кеткен егіз үйде қалған сыңарына қарағанда баяу қартаяды, яғни ол үшін уақыт баяу өтеді. Кеңістіктегі уақыттың бұл әсерін қазіргі уақытта ағайынды 50 жастағы егіз астронавтар Марк пен Скот Келли өздеріне қатысты қолданып көруде. Биылғы жылдың 27 наурызында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз ТМА-16М" басқарылатын кораблімен "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы ұшырылды. Ондағы ресейлік ғарышкерлер Геннадий Падалка мен Михаил Корниенкомен бірге американдық астронавт Скотт Келли де ғарышқа аттанды. Олар Жерге тура бір жылдан соң, яғни 2016 жылдың наурыз айында оралмақ, сөйтіп ғарышта өткізілген уақыт бойынша әлемдік рекорд орнатпақ. NASA бұл миссияны адамдарды Марсқа ұшыруға жол ашатын маңызды қадам деп санайды.
(ары қарай қорытындыға өз ойыңды жазарсың)
4,4(18 оценок)
Ответ:
denian11343
denian11343
25.07.2021

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып, былайдепті:

– Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсыларың маған ақылдарың мен байлықтарыңды көрсетіңдер, – депті.

           Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

           – Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, – депті.

           Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

           – Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығыма бас иеді, - дейді.

           Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

           – Бұндай белдікті ешкім буынып көрген жоқ, – дейді.

           Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

           – Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді. Сонда кенжесі былай депті:

           – Мен де асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.

           Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Объяснение:

4,7(89 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ