Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.
Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген. 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған. 1926-1928 жылдары ба з орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік ба бас редакторы қызметтерін атқарған. 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманағын шығарған. 1932-1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған. 1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағалығына сайланған.
Су адамға әрдайым керек. Сусыз өмір сүру өте қиын. Себебі а сусыз өмір жоқ. Біз суды күнделікті пайданаламыз. Бірақ біз кейде суды күн сайын пайдаланғанымыз соншалықты судың қадірін білмейміз. Әсіресе жаздың ыстық күнінде адамға бірінші су керек. Судың да сұрауы бар деген қазақта мақал бар. Су ағып тұр ғой, таусылмайды ғой деп суды құр босқа шашып немесе төге беруге болмайды. Кейбір адамдар сол суға зар болып қалады. Быз өмірде бүкіл тұрмыс-тіршілігімізде суды пайдаланамыз. Тамақ істегенде де, кір жуғанда да және т.б. істерде қолданамыз. Судың қадірін аш қалғанда және Ораза ұстағанда білесің. Себебі таң атқаннан күн бақанға дейін суды ішпей жүру қиын. Кейде үйде су өшіп қалса, бүкіл тірлігің жайында қалады. Судың өшпеуін қадағалау үшін, суға ақшаны алдын ала төлеп қою керек. Кәзіргі кезде біз суды кранттан алып су ішеміз. Ал баяғы заманда суды құдықтан алып үйге тасып ішетіңн болған. Құдық болмай тұрып, өзеннің, көлдің, теңіздің суын ішетін болған. Ашаршылық кезде су болмағанда адамдар лай суды жанталасып ішкен. Ал біз кәзір қарапайым суды менсінбейміз. Ондай болмау керек. Біз жаңа технологияның дамуына байланысты таза су ішеміз. Себебы ол жердегі мамандар суды әптен тазалайды. Мамандар суды 1 литрліктен 5 литрлік баклашка суды құйып сатып жатыр. Мысалға "Тау", "Тассай", және т.б. Менің ойымша әрбір адам судың қадіріне жете білу керек.