Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т.б.
Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.
Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.
Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.
2.қимыл-сын бағ сабақтас
19билет
1.Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады.
2.кең-тар мейірбан-мейірімсіз
20 билет
1.Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?
Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді.
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбексөздері бірге жазылады.
2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.