Мектебімдегі Жеңіс күні.
"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды"... Иә, Жеңіс күні мынау байтақ қазақ даласына, қонақжай қазақ халқына үлкен нәубетпен, еңбекпен келді. Елім деген ерлер қан майданда қасық қаны қалғанша соғысса, елде қалғандары бей-жай жатпай, тылда еңбек етті. 4 жыл қазақ тарихында мәңгі қалды.
Бүгінде 9 мамыр – Жеңіс күнін тәуелсіз елдің ұландары әр жыл сайын тойлайды. Біздің мектепте аталмыш мереке үлкен дәрежеде тойланады десем де болады. Барлық мектеп оқушылары қолдарында гүл шоқтарымен, ардагерлердің суретін аспанға көтере шеруге шығады. Ардагерлер сый-сияпат көрсетіп, Мәңгілік Алау тұсына гүлдерін қояды. Одан қалды, мектепішілік шаралар да бар. Әр сыныптан қабырға газеті шығарылады. Ардагерлермен кездесу, тәрбие сағаттары болады. Алғашқы әскери дайындық пәнінен небір жарыстар ұйымдастырылады. Міне, осылайша біз мектеп қабырғасында Жеңіс күнін тойлаймыз.
Берілген фразеологиялық тіркестердің мағынасын табу.
Соқырға таяқ ұстатқандай - анық
Құмырсқадай қаптады - көбейіп кетті
Жүз көріспеу - ұзақ уақыттан бері көріспеу
Езу тарту - жымию
Көресіні көрсетті - əкесін танытты
Етігімен су кешті - қиыншылыққа көну, төзу
Тайға таңба басқандай - анық