М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vovova2020
vovova2020
16.08.2022 05:39 •  Қазақ тiлi

Бозжыра мен шарын шаткалдарының ерекшеліктерін салыстыру

👇
Ответ:
MechtaJasnaja
MechtaJasnaja
16.08.2022

Бозжыра және Шарын шатқалдарының ерекшеліктері.

Орналасқан жерлері:

Бозжыра шатқалы - Маңғыстау облысының Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің батыс бөлігінде орналасқан.

Шарын шатқалы  - Алматы облысы Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан.

Ұзындықтары:

Бозжыра шатқалы - Алқаптың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы 17 километр, ал батыстан шығысқа дейінгі қашықтық  11 километрді құрайды.

Шарын шатқалы - Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр.

Тереңдіктері:

Бозжыра шатқалы - 200 м.

Шарын шатқалы - 150—300 .м

4,7(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
jhgtreedhhuuu
jhgtreedhhuuu
16.08.2022

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір

Қуат белгілі бір уақыт ішінде тұтынылатын немесе жеткізілетін энергия ретінде анықталады. Энергияны үнемдеу теориясы бойынша энергияны құру мүмкін емес болғандықтан, энергияны пайдалану үшін оны қол жетімді көзден тұтынылатын түрге айналдыру керек. Электр энергиясы - жиі қолданылатын энергия формаларының бірі. Электр қуатын пайдалану үшін оны электр желісіне розетка арқылы қосылған теледидардағыдай электрмен жабдықтау керек. Бірақ розетка да, магистраль да электр қуатын бермейді; электр розеткасына сыртқы қуат көзінен беріледі. Осылайша, қуат көзі мен қуат көзі арасындағы негізгі айырмашылықты анықтауға болады: электрмен жабдықтау құрылғыға қуат беру үшін қолданылады, ал қуат көзі - қуат өндірілетін көз.

4,8(49 оценок)
Ответ:
mokaloka86
mokaloka86
16.08.2022

Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы-Найман.

Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.

Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.

Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.

Сара мен Абайдың кездесуі жайында «Абай жолы» романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды.  

Адамның мен де сондай ұқыбы жоқ,

Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.

Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,

Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп.

Сара апа, сіз ұмытылмадыңыз. Сізді есте сақтап құрмет тұтатын адамдар бар әлі күнге дейін.

Сара Тастанбекқызының өлеңдер жинағы мен кітабы бар.

Объяснение:

4,4(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ