Жастар қалай бос уақытын өткізеді? Бір сөзбен барлық жастар туралы айту мүмкін емес. Бірақ, қазіргі жастардың көпшілігі компьютерге бағынышты болып қалған десек, өтірік болмас. Компьютерде ойын ойнайды, достарымен араласады, музыка тыңдайды, видеороликтер көреді, т.б. әйтеуір, компьютер алдынан тұрмауға себеп табылады. Дегенмен, басқаша өмір сүретін жастарда жоқ емес. Олар таза ауаны, табиғатты, достарымен бет-бет кездесіп араласқанды ұнатады. Спортпен айналысады, ата-анасына көмектеседі. Кітап оқиды. Таңдау жастардың өзінде, денсаулықты ойлағандары, компьютерді тек қажетін қолданып, басқа кезде салауатты өмір салтын ұстанады.
Менің сүйікті тағамым -бешбармақ.Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамы.Бешбармақ -пісірілген ет.Бешбармақты жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп табаққа салып жайманың үстіне пісірілген етті салады.Бешбармақ өте дәмді тағам.Бешбармақты сыйлы қонақтарға ,әрбір мерекелерге әзірлейді.Біз қонақ шақырғанда ,мерекелерде бешбармақ тағамын дайындаймыз. Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кұрметті тағам.Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан бұл тағамды ,,бешбармақ ,, деп атап кеткен.
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!