Алакөл табиғи қорығы.
Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған.
Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстардың ұяларына ерекше назар аударылады.
Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған.
Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор.
Қазір оқу орындарында, оның ішінде мектепте болсын, колледж немесе жоғары оқу орындарында болсын, барлық жерде жоғарыда аталған үш тілді меңгеруге барлық жағдай жасалып жатыр.
Ал бізге үш тілді білу не үшін қажет? Ойлап қарасаңыз мұның да өзіндік артықшылықтары бар екен. Соның ішіндегі ең негізгісіне тоқталып өтсек. Қазіргі уақыт- ақпарат заманы. Бұл ақпаратты біз қайдан аламыз? Әрине, ғаламтор желісінен. Кез келген ақпаратты қазақ тілінде, болмаса орыс тілінде, орыс тілінде болмаса ағылшын тілінде табамыз. Болашақта да осылай бола бермек. Егер біз үш тілді жетік меңгерсек, алдағы уақытта ақпарат түрмен дұрыс жұмыс жасасақ, бәсекеге қабілетті бола аламыз. Және тілді меңгергендегі ие болатын көп мүмкіндіктің бірі ғана. Сондықтан үш тілді жетік білу- бұл жастар үшін, болашақта еліміздің дамуы үшін жасалған тамаша мүмкіндік деп есептеймін.