Объяснение:
«ЕХРО» – дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.Халықаралық Көрмелер Бюросы Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған Халықаралық көрмелер Конвенциясының басшылығы мен өтінімдерін қамтамасыз ету үшін құрылды.EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады.
қастерлі, құдіретті. Бүгінгі
нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан
көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы
азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.
Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты
мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана
тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты
сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті
адам бола алмайсың.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың
дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни
полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.
«Елу
жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің
көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл
қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара
ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006
жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы»
- «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.
Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ
тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының
нақты жоспарын айқындап берді.Елбасының бұл жоспары Қазақстанның әлемдік
дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын алдын ала белгілеуі деп айтар едім. Президентіміз тек экономиканы ғана
емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша
дамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру
қажеттігін меңзеді.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың
“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды
ұсынамын. Қазақстан
бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы
үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік
оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары
деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз
міндет” - деп етекше атап көрсеткен.
Білім министрі 2019 жылға дейін елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш
кедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғары
сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,
биология,информатика) ағылшын
тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай
жасайтынын тілге тиек етті.
Ал, еліміздегі орыс мектептеріндегі
«Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде және де
қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің орыс тілінде жүргізілетінін
айтып өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлық
мектептерінде де осылай жүретінін меңзеген болатын. Осылайша еліміздің білім
алушы әр перзенті үш тілді еркін меңгеретін болады. «Бұндай ықпалдасу оқушы
үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде
оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деген болатын министр Е.
Сағадиев.
Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың
кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста
немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда
ағылшын тілі «21 ғасырдың»,
халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.