Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды. Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты.
Қазақ батырлары.
Батыр – даңқты жауынгер,қаһарманның құрметті атағы.
Қазақ батырларының есімдері ғасырлар бойы қашалған.Олардың ерліктері әлі күнге дейін Қазақстан мен оның халқын даңққа бөлеуде.Олар үлкен әскерлерді басқарды,жабайы аңдар мен мықты жау жауынгерлерін жалаңаш қолдарымен жеңді.Әрбір жүзде (қазақ руларының тайпалық одақтары) өзінің ғасырлар бойы халық жырлаған атақты батырлары болды.Қобыланды,Жалаңтөс батыр,Қарасай,Бөгенбай,Қабанбай,Өтеген,Райымбек,Наурызбай,Сырым,Исатай,Амангелді,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегелдинов, Қайсар Рысқұлбеков - халқымыздың ержүрек батырлары.Біз оларды және олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.
Казахские батыры.
Батыр — это почетный титул героя,славного воина, богатыря.
Имена казахских батыров высечены в веках.Их подвиги до сих пор прославляют Казахстан и его народ.Они командовали огромными армиями,голыми руками побеждали диких зверей и лучших вражеских воинов. У каждого жуза (племененные союзы казахских родов) были свои прославленные батыры, подвиги которых веками воспевались народом.Кобыланды,Жалантос батыр,Карасай,Богенбай,Кабанбай,Отеген,Райымбек,Наурызбай,Сырым,Исатай,Амангельды,Алия Молдагулова,Маншук Маметова, Бауыржан Момышулы,Талгат Бегельдинов,Кайсар Рыскулбеков - все они храбрые герои нашего народа.Мы никогда не забудем их и их подвиги.