Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.