М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
123lego123den
123lego123den
30.12.2021 13:08 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему "алғашқы теледидар".

👇
Ответ:
Pan4ugan
Pan4ugan
30.12.2021
Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған. Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен. Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға жоғарлайтын. Кейін келе Смиттің жасаған ашылуы теледидар өндірісінде кең қолданыс тапты. Кез келген затты жарықтандырса немесе өзі жарық көзі болса, ол көрінеді, бұл бәрімізге мәлім. Бақылап отырған затымыз жарық немесе қараңғы бөліктері бір-бірінен шағылған немесе жарқыраған сәуле интенсивтілігімен ерекшеленеді. Теледидардың жұмыс істеу принципі де осының негізінде құрылған: кез келген бейнені жарық немесе қараңғы түктелердің жиынтығы деп қарастыруға болады. 1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский, С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды. Бұл зерттеулермен қатар, теледидардың дамуы мен құрастыруына зор үлес қосқан басқа да тәжірибелердің ашылуы кең етек алған. Мысалы, 1879 жылы ағылшын физигі Уильям Крукстың ойлап тапқан құрылғысының (люминофор) жұмыс істеу принципі қызық еді. Құрылғыға катод сәулесін түсіргенде, ол жарқырап тұратын. Кейін келе люминофордың жарықтандыруы, оған түсірілген сәулелену күшіне тура пропорционал екендігі анықталды. 1887 жылы алғашқы катод-сәуле түтікшені неміс физигі Карл Браун құрастырып, ғалымдардың оң бағасын алған еді. 1907 жылы Борис Розин Карл Браун шығарған катод-сәуле түтікшенің көмегімен бейне алудың теоретикалық мүмкіндігін айқындайды деген пікірге келеді. Розин бұны іс жүзінде де жүзеге асырады. Бейне ретінде қозғалмайтын бір нүкте алғанына қарамастан, бұл теледидардың дамуына әсер еткен батыл қадам еді. Жалпы айтқанда, электронды телевизионды жүйелердің дамуына Розин аянбай тер төкті. 1933 жылы АҚШ-да өмір сүрген орыс эмигранты Владимир Зворыкин халық назарына иконоскоп ұсынған. Иконоскоп – электронды таратқыш түтікше. 

Керек жерлерін көшіре қоярсын
4,5(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
rita1501
rita1501
30.12.2021

1- тапсырма.

Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Ескерту: Бір дұрыс жауабы бар.

Шығамын тірі болсам адам болып,Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп надан болып.Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,Алуға, күнді барып, белді буған.Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін.Болмасам толған айдай балқып туған.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,Ойында оты барлар асылық демес.Тебем деп, тірі болсам надандықты,Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

1.Эпитетті тіркес:

A) Айдай балқып

B) Сәуле қуған

C) Жарық күн

D) Надан болып

E) Елдің бетін

2.Өлең жолдарындағы лирикалық кейіпкердің негізгі мақсаты :

A) Қызметкер болу

B) Бақуатты болу

C) Күнді алу

D) Айға бару

E) Білімді болу

3. Теңеулі тіркес

A)Асылық емес

B) Жарық күн

C) Жұлдыз болу

D) Серт ету

E) Толған айдай

көмек тесіндершш каментария га жазыңдар шы ответ ін

4,4(48 оценок)
Ответ:
KatyaTishkina
KatyaTishkina
30.12.2021

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.

Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық!

4,5(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ