Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1]
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
1.Жігіттің асылы-мінезінің асылдығы.Шыншыл,адалдық,ақ көкіректік,аңқылдақ мінезді жігіт -жігіттің асылы.
2.Жігіттің масылы-жалқаулық,еріншектік.Қолынан түк келмейтін,еңбек етпей,ата-анасының мойнына мініп отырған масыл жігіт.
3.Бір сырлы,сегіз қырлы жігіт-жігіттің сұңқары.Қолынан бәрі келетін,өнері мен ісі өзінің келбетін аша түсетін,ісіне мінезі сай,бойында бар қасиет табылатын жігіт.
4.Ақылды,сабырлы жігіт-ойланып ақылмен іс атқарар,топта ақылымен көзге түсер,шешілмейтін істі ақылымен шешіп,өзгеге ақыл берер,қиындықта-қуанышта сабырлылық танытар жігіт.
5.Адамдық қасиеті бай,кісінің ақысын жемейтін,адами болмысымен өзіне жақын тартып тұратын,арамдығы жоқ,адамдығы мол жігіт.
6.Ақылсыз жігіт- көрсеқызар,ойланбай сөйлейтін,ақылы таяз,ұрда-жық мінезді,ақылына емес күшіне сенетін жігіт.