М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Luuna0111
Luuna0111
06.07.2021 16:46 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему "қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ".

👇
Ответ:
nynsikram
nynsikram
06.07.2021

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.

     Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы өз жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды».

Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді.

Мен Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, білім беру саласына өз үлесімді қосып жүрген жас маманмын. Бұл бағдарламада елбасымыз Отанымыздың ұлы мұратқа жету жолындағы жастардың рөлі зор екенін айшықтап берді. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуына тамаша мүмкіндік. Ұлт Көшбасшысының дұрыс бағыт – бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ұлылығы деп түсінемін.

Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп Мен ауыл мектебінде жұмыс жасаймын және ауыл балаларының рухани дәрежесін көтеру, білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек етудің зор жауапкершілік екенін сезінемін.«Жас мамандар» мектебінде болып, тәжірибелі ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, мектепте өткен әртүрлі сайыстарға қатысып, өзімнің шеберлігімді шыңдадым. Атап айтсам, «Әр сабақ-бір жаңалық» тақырыбымен өткен онкүндікте 1-сыныпта өткізген әдіс алмасу сабағым әріптестер арасында зор ықыласықа ие болды.

Қорыта айтқанда: бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі керек.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады деп ойлаймын.

Елбасы аса көрегенділікпен, жастарды қолдады, сенім артты, жастар үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасады.

Біз жастар - қашанда ел көшін алға бастауда, Елбасымен біргеміз! Жастар болашаққа бастайтын ең басты күш екені – бізді алға ұмтылдырады. Биылғы жолдауда жастарға зор сенім артылды, сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

4,6(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alisa2853
Alisa2853
06.07.2021
Домбыра- қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, шығармаларды  орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі
4,6(92 оценок)
Ответ:
nastyayudina21
nastyayudina21
06.07.2021
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
4,8(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ