М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ElleFox
ElleFox
30.05.2022 01:06 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение как защитить природу на казахском. с переводом если можно

👇
Ответ:
sasulencijaozq7jr
sasulencijaozq7jr
30.05.2022

Табиғатты қорғау.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Табиғатты қорғау үшін біз де өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін уақтылы сенбіліктерге шығып, айналаны, өзен - көлдердің жағасын қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеп, көктемге жас ағаштар отырғызып, құстарға қамқорлық жасасақ, осының өзі бірталай көмек болар еді.

Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең қайғырып жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!

4,7(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
BelkaDengiStol
BelkaDengiStol
30.05.2022
Ана. “Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы. Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады. Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз, Айжұлдызды түніміз. Мәпелеген қамқоршым, Ана біздің гүліміз. Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
4,5(98 оценок)
Ответ:
SHAHRUKH575
SHAHRUKH575
30.05.2022
Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің.Для друга сердечного от сердца отрывают.Сыйласу екі кісіге бірдей.Дружба крепка взаимностью.Татулық — табылмас бақыт.Дружба — богатство бесценное.Достық жоқ жерде табыс жоқ.Где нет дружбы, там нет успеха.Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын.Доброе соседство прочнее родственных уз.Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан.Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нетДосың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.Көршің қолайлы болса, қораң кең.Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно.Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.Жить без друзей, что есть пищу без соли
4,5(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ