ответ:
дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. әр дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. достық ң ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. ол артқан сайын, достық та қатая түседі. ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «достық» туралы нақты ой айтқан философ а.шопенгауэр өзінің «өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «нағыз шынайы достық ң бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. осының бәрі ң табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Бірлік туралы шығарма
«Бірлік түбі тірлік» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетксек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын Елбасымыз үнемі ерекше атап отырады.
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты.
Атам заманнан бері бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!