"Әскери коммунизм" саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында "Әскери коммунизм" саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. "Әскери коммунизм" саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
Объяснение:
Ас атасы - нан.
Нан – қазақ халқы үшін киелі ас саналады. Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Нанға қатысты тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер де өте көп айтылған. Мысалы, «нанды аяқ астына тастама», «Нан қатты екен», «шала піскен екен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды сынамайды. Нанды, тамақты сынау –ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Нан— тамақтың атасы, ынтымақ — көптің батасы» деген халық ұғымында нанда кепиет, қасиет, құдірет, кие бар деп түсінген.