Жуалы өңірінен батырлар да, жыраулар, ақын-жазушылар мен жезтаңдай әншілердің де көптеп шыққанына халық куә. Бүгінгі әңгімеге өзек болғалы отырған Жолдасов Әбдікерім атамыз да сондай тұлғалар қатарынан екендігі даусыз. «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің құрылған күні» мейрамы қарсаңында мақала жазу үшін арнайы іздеп барған бізді құшақ жая қарсы алған ардагердің отбасы дастархан жайып әлек. Сәлден соң мән-жайға қаныққан Әбдікерім атамыз өзінің атқарған еңбек жолын айта бастады. Еңбек жолын 14 жасынан ауылдық жем шөп қоймасында қызмет атқарған, соғыстан соң 1951 жылдан бастап, 25 жыл теміржол саласында, Райпотребсоюз мекемесінде 1965 жылдан 1976 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін Жуалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Аталған бөлімде қызмет атқара жүріп түрлі апаттар
мен өрт оқиғаларын дер кезінде ауыздықтау, адамдарды тілсіз жаудан түрлі жауын-шашын т.б апаттардан арашалау секілді іс-шараларда жеке құрамды тәжірибелі түрде жұмылдыра отырып дұрыс бағыттар көрсете білді.
Ардагерлеріміз-ардақтыларымыз.
"Ардагер" дегенде мен ең алдымен сонау сұрапыл соғыс кезіндегі жауынгерлерді бірден көз алдыма елестетемін. Олар Отан үшін аянбай жаумен соғысты. Қаншама жастар қыршынынан қиылды. Неткен аянышты, сұрапыл күндер еді ол. Ал, мүгедек болып оралғандары да аз емес. Қазіргі күндері олар, соғыс ардагерлері санаулы-ақ қалды. Олар біздің бейбіт өміріміз үшін өз өмірлерін құрбан етті. Біз бұны ешқашан ұмытпауымыз керек.
Ал, сол кезде тылдағы өмір сүргендердің жағдайы да мәз емес еді. Олар ес білген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін, таңның атысымен, түн қараңғысына дейін еңбек етті. Ешкім шаршадық демеді. Әрқайсысы, қолынан келген істерін атқарып, жауды жеңуге ат салысты.
Міне, ардагерлер-ардақтыларымыз. Ер есімі-ел есінде. Оларды құрметтейік, ардақтайық.
Объяснение:
2. Інімді
3. Мен Көксаек
4. Мадинаны есепші
6. Бас, құжаттар
Поставить слова вместо точек и переписать.