М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Mashavicks
Mashavicks
02.07.2020 20:11 •  Қазақ тiлi

Составить текст про саков на казахском языке (10 предложений)

👇
Ответ:
жанель93
жанель93
02.07.2020
Саяси тарихы Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді.
4,5(52 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Қазақстан теңіз академиясы 2012 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша теңіздегі мұнайгаз кен алаңдарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнайгаз секторынан тыс Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында құрылды. ҚТА «Теңізшевройл» ЖШС-нің тікелей қолдауымен құрылып, оған Қазақ-Британ техникалық университеті серіктес болды. Қазақстан теңіз академиясының халықаралық серіктестігіне теңіз білімі саласындағы конгломерат – STC Group (Нидерланды) компаниясы шақырылды. «Шеврон Шиппинг» компаниясы кадеттердің халықаралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжрибеден өтуіне кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп, тәжірибе сабақтарын ұйымдастырды. Сондай-ақ академияның алты түлегін тәлімгер ретінде қабылдады. «Теңізшевройл кәсіпорны атынан академия түлектерін оқуды бітіруімен құттықтаймын,- деді ТШО бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер. -Өздерінің бойларындағы мақсаткерліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақстандық маман боласыздар». Академия түлектері қазақстандық және шетелдік кемелерде әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасай алатын жоғары білікті мамандар тобын құрайтын болады. Қазіргі уақытта 84 кадет Қазақстан теңіз академиясында білім алуда.

Объяснение:

4,6(68 оценок)
Ответ:
matveizuikov
matveizuikov
02.07.2020

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.[1][2]

Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Алайда, тарихшы-өлкетанушы Күләш Сардарбаек «Күләштің туған жері бүгіндері Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы аталады. Бұл өлке ХХ ғасырдың басында Қотанбұлақ болысы, Қарқара уезі, Семей губерниясы атанған» - дейді. Күләш Байсейітованың туған күні жайлы да мынандай деректер бар. Ұлы әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қыздары Қарлығаш және Раушан Байсейітовалар ба зге берген сұхбатында ресми құжаттардағы көрсетілген деректерді жоққа шығарады. Олар: «Негізгі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде өқжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді» - дейді.

Объяснение:

4,5(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ