М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
BayntuMix
BayntuMix
06.02.2021 01:35 •  Қазақ тiлi

Моя любимая профессия сочинение на казахском языке 150 слов с переводом

👇
Ответ:
Fara228229
Fara228229
06.02.2021
Менің мамандығым

Өнер жолына қызыққан мен, әрдайым актриса, танымал тележүргізуші боламын деуші едім. Балалық бал дәурен кезімнен шығарма жазуға, поэзия оқуға құштарлығым қатты болды. Ең сүйікті пәндерім де қазақ тілі мен әдебиет еді. Бірақ өсе келе мен үшін өмірдегі үлкен сынақтың бірі ҰБТ-дан алған балыма байланысты өзімнің қалаған мамандығыма түсе алмадым. Бұл өмірімнің бір өтпелі қиын кезеңі болатын. Содан мамандық таңдау жағынан біраз қиналып, кейін ата-анамен ақылдаса келе Қазақтың спорт және туризм академиясына түсетін болып шештім. Әрине, ол менің қалауым емес еді, бірақ амал қанша. Алайда бұл оқу орнында мен мақсатыма жете алмадым деп айта алмаймын. Себебі, мен оқуға түскен жылы өз мамандығымнан бөлек, қосымша мамандық ретінде журналистика саласынан білім алуға мүмкіндіктерім туды. Бірақ мен бұнымен шектеліп қалмай, ары қарай “Тележұлдыз” курсына жазылып, білімімді толықтырдым. Бұл курсты оқу барысында мен журналистика жайында біраз нәрсе үйреніп, өзімнің кемшіліктерімді жөндей бастадым. Ал қазіргі таңда академиядағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, концерттерді жүргізіп келемін. Әрине, бұл аз да болса, маған көмегі тиюде.

Журналистика саласын таңдау себебім, әрдайым ішімде жатқан сан түрлі ойлар мен әртүрлі құбылыстар ішіме сыймай кететін тәрізді. Сол кезде бірден қолыма қалам алып, ақ қағаздың бетін толтыра бастаймын. Көбіне халқыма жаным ашығаннан, әртүрлі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, сұлу табиғатқа қарап шабыттанып, ішімдегі құбылысты ақтарып салып, ойымды жайып саламын. Сол жазғандарың халқыңа ұнап, оқырмандарың көбейіп жатса, бір рахаттанып қалатындайсың. Иә, бұл әрбір журналист үшін үлкен жетістік емес пе?! Жалпы өнер адамы болғандықтан тек бір өнермен шектеліп қалмау керек. Себебі өнер саласы бір-бірімен байланысып жатқандықтан, ол сурет салу болсын, спорт болсын біле жүру керек деп ойлаймын. Бұл журналист үшін өте маңызды мәселе деп білемін.

Жалпы мен үшін журналистика мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Менің ойымша журналист болу үшін – мақсатына берік, өз пікірін нақты жеткізе білетін, кез-келген жанмен тез тіл табыса алатын жан болуы керек. Бұл саланың ұнайтыны да осы жері және бұған қоса күнделікті әртүрлі тағдырлар мен кездесулер, қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында жаңа мәліметтерді іздене отырып, біліміңді, ой-өрісіңді кеңейте отырасың. Болашақта Алла жазса өзімді тележүргізуші ретінде де байқап көргім келеді.
4,5(19 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Қазақстан- менің Отаным
Қазақстан көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр,Елімізде мыңдаған өзендер ағып жатыр ,соның ішінен ең ірі өзендер  Ертіс ,Есіл,Жайық,Сырдария болып табылады,
Қазақстанның табиғи ресурстары бай әрі сан алуан. Елімізде неше түрлі ұлт қауымдастары бар;қазақтар,орыстар,украиндер,поляктар,өзбектер ,Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді
Менiң туған өлкем — кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны  ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремін
4,4(18 оценок)
Ответ:
olga000064
olga000064
06.02.2021
Алтыншы сыныпта, маған "Әдебиет" пәнінің мұғалімі "Махаббат қызық мол жылдар" кітабын оқуға кеңес айтты. Мен болсам, бұл кітапты жақын кітапханадан жалға алып, лезде оқи бастадым. Бұл кітаптың авторы Әзілхан Нұршайықов, еліміздің танымал жазушысы. Негізгі ой мен идеяға келетін болсақ - соғыс кезеңі, махаббат, педагогикалық институт қабырғалары және соңғы үміт сынды тіркестер менің көзіме елестейді. Ол кезде кішкентай болдым ба, Меңтай мен Ерболдың қарым-қатынасын сезімдерін толықтай түсіне алмадым. Неге Ербол тезірек ұсыныс жасамады, неге Меңтай басқа адамға күйеуге шыққаны миыма кіріп-шықпаған еді. Жиырма бірінші ғасырдың азаматы болған соң ба, білмеймін... өзім Меңтай мен Ерболдың орнында болсам, мүлде басқа әрекет жасаушы едім. Сөйтіп, мектеп бітірген шағымда, бұл кітапты оқуға екінші рет бел будым. Енді махаббаттың куәгері болған соң, хикая мүлде басқаша әсер қалдырды. Бұл кітапты бүкіл отбасымызбен қосылып оқып, бірге талқыға салатынбыз. Сол себепті, сіздердің барлықтарыңызға "Махаббат қызық мол жылдар" шығармасын оқуға кеңес беремін.
4,6(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ