Объяснение:
Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауыда сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»- деп педагог К.Д.Ушинский айтқандай тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі.
Міне, 1941 жылы басталған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл болды. Сол жылдың маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі да болмас па еді. Сондықтан, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.