М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Пандochka
Пандochka
05.09.2021 08:32 •  Қазақ тiлi

Напишите небольшое сочинение на казахском языке про жайлау​

👇
Ответ:
gumarin78
gumarin78
05.09.2021

ответ:

жайлау  – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы  сарыарқа  атырабы мен орманды, желді өлкелерде,  қазақстанның  солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай,  сауыр  және  тарбағатай  өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы,  іле алатауы  және  тянь-шань  тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау  өңірінде) болды.  қазақстанның  әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы,  жетісу  өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты.  қазақстан  жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды.

4,5(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Туған жердің ауасы да шипа...

Әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.

«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,

Қазақтың он ғасырлық өмір салты.

Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,

Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.

Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.

Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.

4,5(23 оценок)
Ответ:
R010KMB
R010KMB
05.09.2021

Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер. Жерінде жеміс-жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі-бір де қасиетті, бәрі-бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді.

4,8(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ