Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,
Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.
Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,
Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.
Бұлақтар бастау алған Алатаудан,
Өзен боп Аспарамдай сарқыраған.
Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар,
Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек.
Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым,
Көк майса, қызыл, сары гүлге толған.
Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп,
Айналдым жер ұйығым туған жерім.
Тастақты мекен еткен менің елім,
Бау-бақшаң жайқалады туған жерім.
Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде,
Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.