Менің әкем туралы.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында, әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Менің әкемнің есімі – Қанатбек. Ол – полиция қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болып көрінгенімен, балаларына мейірімді әке. Біз әкемізді мақтан тұтып, ол кісіден жақсы үлгі аламыз. Әкеміз күн –түн демей, қоғам қауіпсіздігі мен елдің тыныштығы үшін қызмет етуде.
Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!
"Сауда орталығында".
– Қайырлы таң!
– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?
– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?
– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.
– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?
– Құрт қаншадан?
– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.
– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.
– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды. Нан аласыз ба? Жаңа піскен нан. Түрлі тәтті тоқаштар да бар.
- Иә, жаңа піскен болса, екі нан беріңіз. Сосын ірімшік пен бал қосылған тоқаштан да екеуден сала салыңыз. Барлығы қанша болады?
- Нан мен тоқаштарды қосқанда 4800 теңге болды.
– Мінеки. Ет бөлімі қашан ашылады?
– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз! Ет бөлімі осы демалыстан бастап жұмыс істейтін болады.
– Жақсы. Сау болыңыз!