ответ:Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған
Объяснение:
Қазақтың ұлттық киімдері.
Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,
денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.