- Қазақстан жерінде қаншаға жуық өзендер мен бұлақтар бар. ? - Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. - Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ? - Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. - Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ? - Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. - Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді? - Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.
Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ен басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Менімен бірге күнде ойнайды,мені қорғайды. Мен оны жақсы қараймын, күнде даладан кейін жуындырамын. Мен өз итімді қатты қатты жақсы көремін.
Сөз құрамына қарай талдау сызбасы:
Схема разбора слова по составу:
Түбірді мен жұрнақтарды белгілеу (Отметить корень и суффиксы)
Мысалы (Например):
1.Кітапханашы.
Кітап+хана+шы - зат есім.
кітап - түбір
хана, шы - сөз тудырушы жұрнақтар
2. Кетеді - етістік. Кет+е+ді.
кет - түбір
е - ауыспалы келер шақ жұрнағы
ді - жіктік жалғау (3 жақ)
3. Сөз құрамына қарай талдау үлгісі: (Разбор слова по составу)
Колхозшылар орден (ді) алды.
колхозшылар - деректі, күрделі, жалпы зат есім (конкретное, сложное, нарицательное существительное)
колхоз – күрделі қысқарған түбір (сложное существительное, состоит из двух основ)
шы – зат есімнен зат есім тудырып тұрған жұрнақ (словообразующий суффикс существительного)
лар – көптік жалғау (окончание множественного числа)
орден (ді) – деректі, жалпы, жалаң зат есім, -ді- деген табыс септік жалғауы түсіп қалған
(конкретное, нарицательное, простое существительное, выпало окончание винительного падежа –ді-)
алды – болымды, сабақты, негізгі етістік (положительный , переходный, основной глагол)
ал – түбір (корень)
ды – жедел өткен шақ жұрнағы (суффикс недавно времени)