"Аққудың айырылуы"
«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болса да көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі.
Сәкен ақынның бұл поэмасы - қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.
Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; cұлулықты бағалай білу керек; өмірде қатыгездіктің болуы; аққу құс мәңгілік махаббат иесі; екі аққудың аянышты тағдыры.
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей сыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, бұл туынды - Сәкен ақынның ақындық қарымын танытқан поэма, қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.
мерзімді басылымдар кітапхана қорының маңызды, құрамдас бөлігі болып саналады. кітапхана мүмкіндігінше өткен жылдардағы газет-журналдар тігіндісін сақтайды. қорға ерекше жауапкершілікпен қараудың нәтижесінде 30-40 жылдардағы мерзімді басылымдар сақталған. кітапхананың жарғысы негізінде мерзімді
басылымдар қорына жауапты өлкетану бөлімі. 1969 жылға дейін мерзімді басылымдар жалпы негізде оқу залынан беріліп тұрды, кейіннен профиліне сай арнаулы бөлімдерге берілді. оқу залында гуманитарлық ғылым туралы мерзімді басылымдар жинақталды. оқу залының штатында екі кітапханашы газет-журналдарды
насихаттаумен және оқырмандарға босатумен шұғылданды. олар қаладағы ірі кітапханалардан алынатын қоғамдық-саяси ғылым туралы газет-журналдардың құрама-каталогын жасады. сонымен қатар газет-журналдарға жазылу, тіркеу және есебін жүргізу оларға міндеттелді.
газет — мерзімді, уақытша не бір рет
қана шығатын басылым. ежелгі шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta — базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға
сатты. 1631 ж. француздық «la gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «түркістан уәлаятының газеті» (1870—82) мен «дала уәлаятының газеті» (1888—1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені
көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «қазақ» газеті (1906), «серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды. қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады ("егемен қазақстан", "жас алаш", "қазақ әдебиеті", "ана тілі", "алматы ақшамы" т.б). олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз,
партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.