М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Amalya15
Amalya15
23.01.2022 07:24 •  Қазақ тiлi

Эссе на казакском языке на тему золотой человек 120 слов

👇
Ответ:
Jamilya28
Jamilya28
23.01.2022

Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

4,8(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svetsok2006
svetsok2006
23.01.2022

Абай Құнанбаев

Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой.санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық.дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой.тұжырым.

Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов те жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.

Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден.бір қажет және мұның өзі ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына.

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!

4,5(9 оценок)
Ответ:
adeelyaa3333
adeelyaa3333
23.01.2022

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келді, 1904 дүниеден озды. Қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл- ағартушы, сазгер Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей облысы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты- Ибраһим, әжесі еркелетіп "Абай" деп атап кеткен. Құнанбайдың жетi баласының ішінде ерекше зеректігімен көзге түскен- Абай.

Болашақ ақын жаз кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын. Әке- шешесінің қасында жүрсе де, жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында шығыстың мәдениетімен, араб, парсы, шағатай тілдерін өздігінен үйренеді.


Подробнее - на -

4,6(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ