Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
астана — қазақстан республикасының елордасы. астанада 1 032 475 тұрады (1 қаңтар 2018)[3]. қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. қала қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде ақмола облысында, есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевқа тиесілі. елорданы алматыдан ақмолаға ауыстыру туралы шешімді қазақстан республикасы жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен ақмоланың атауы астана болып өзгертілді. жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы астана юнеско шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. астана – азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. қала үш ауданнан – «алматы», «сарыарқа» және «есіл» ауданынан тұрады.