.
Шешенсөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
Диалогті толықтыру.
-Әлібек, сен аңды садақпен атып алу туралы білесің бе?
-Иә, білемін.
-Садақты неден жасайды?
-Садақты қатты ағаштан жасайды.
- Аң аулауда қандай тәсілдер қолданылады?
- Аңның жүретін жолына ор қазып қойған.
- «Сонар» деген - не?
- Ең алғашқы ұлпа қар жауған күн. Бұл күні аңдардың ізі анық көрініп жа- тады. Аңшылар осы уақытты асыға күтетін болған. Сонар туралы қай ақын жырлаған? Білесің бе?
- Әрине, білемін. Абай Құнанбаевтың "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты өлеңі бар.