М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Decabrina6666
Decabrina6666
02.10.2020 18:47 •  Қазақ тiлi

Синквейн слова қол на казахском языке

👇
Ответ:
10672
10672
02.10.2020
Қол
солжақ. оң жақ
көмектеседі. алады. қояды
Адам әр нәрсені өз қолымен жасайды
4,6(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Mara1111176
Mara1111176
02.10.2020

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

4,5(80 оценок)
Ответ:
тапочек6
тапочек6
02.10.2020

Осы жерден керегін ал.

Объяснение:

Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал, статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе, иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді.

Ал, еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың құны 0,29 пайызды құрайды. Яғни, өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда, өміріңізді 10 миллионға сақтандыр-ғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені, компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Ал, жоғарыда айтылған «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез-келген азамат өмірін 300 миллион теңгеге дейін сақтандыра алады.

Қазіргі таңда елімізде адам өмірін қорғайтын жеті бірдей сақтандыру компаниясы бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән бағалары және белгіленген төлем пайыздары бар.

4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ