М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
edinorogserezha1
edinorogserezha1
03.12.2020 09:22 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему саятшы ораз на казахском языке

👇
Ответ:
Dhcfyfhffdh
Dhcfyfhffdh
03.12.2020

күрілдектің күтірінде жеген таяқтан кейін қатты ауырып еңбекке күші келмеген мұқаң зәуре атты ұзатқан қызының аулына көшіп келеді. зәуренің күйеуі — бес мың жылқы біткен есеней байдың інісі, еменалының кенже . — аты — сүлеймен — әкеммен жасты. зәурені ол тоқалдыққа алған. бұл ауылда біздің үй бір қыс болған деседі. ол жылы мен төрт-бес жаста болсам керек. со жылы кездескен ң ішінде, менің сәбилік есімде апам да, жездем де, басқалар да сақталмаған тек қана елесі сақталған жалғыз — саятшы ораз. кейін ол ң түр-тұлғасың кескін-кейпін айқын танып, қызыға қарап жүрдім. орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара кезді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын кең шалбарының ғын ішіне сала, қонышын тізеден асыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғың дәрісің тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін еді менің есімде бұл кісі соншама айқын сақталмас па еді, қайтер еді, — егер со қыста, біздің үйдің күн көруіне оның көп жәрдемі

кейін білдім, жездем сүлеймен орта дәулетті болғанмен сараң екен. сондықтан ба, болмаса оразбен бұрыннан көңілдестігі бар ма, менің әкем 1904 жылы жездемнің аулына көшіп барғанда, қысқы үйін күйеуінің қасынан емес, ораз үйінің қасына салыпты.

шала-шарпы есімде: ораз бен біздің үй су жататын сайдың күнгей жағындағы қалың ағаштың қойнауында, өзге үйлерден оғаштау отырды. біздің үйде ол жылы мал атаулыдан жалғыз-ақ сиыр болыпты. оразда да бір ат, бір сиырдан басқа мал жоқ еді деседі. сондықтан оның да шымнан салынған үйімен қамыспен қоршалған қорасы да, біздің де шымнан салған үймен қамыстан салған қорамыз да шап-шағын, кіп-кішкене.

ораз ең алдымен мылтықшы екен және жалғыз оқты шитімен ғана атады екен. бертініректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі шитімен атып түсіргенін өзім де көзіммен көрдім. ес біліп, қасына ерген кезімізде ораздың ұсынған оғы тимегенін көрген емеспін. өзгелер де, ораздың қолы өмірде мүлт кеткен емес» деседі. оның үш мергендігі елдің есінде ерекше сақталған.

4,8(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
мыпоммрт
мыпоммрт
03.12.2020

Мухтар Омарханулы Ауэзов - всемирно известный писатель, известный общественный деятель, академик Казахской Научной Академии, первый доктор филологических наук, профессор, заслуженный научный деятель Казахской ССР. М.О. Ауэзов родился 28 сентября 1897 года в селе Шынгыстау Абайского района на территории бывшей Семпалатинской области. Его воспитывали дедушка Ауэз и бабушка Динасыл. Дед Мухтара был первым, кто обучил его грамоте. И дед Ауэз, и отец Омархан знали наизусть произведения Абая, а также их семьи тесно общались и были соседями. Дедушка много читал маленькому Мухтару народные эпосы и произведения и тем самым сформировал у  него интерес к литературе.

4,6(93 оценок)
Ответ:
Morkovka911
Morkovka911
03.12.2020
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Москва, сенің іргеңді Ел, ер болып сақтаймыз Сенен аяр жан да жоқ, Барлығы да сен үшін, Саған қауіп төнгенде Жау таянып келгенде, Қамсыз тыныш жатпаймыз Алпыс ұлттың адамы, Қол ұстасып үн қосып, Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Биылғы жыл Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың жүз жылдық мерейтойы жеңістің алпыс бес жыдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 
4,4(92 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ