Дэвид:Әлібек,бұл қандай той?
Әлібек:Бұл-Наурыз мерекесі.
Дэвид:Оны кімдер тойлайды?
Әлібек:Наурыз-көктем мерекесі.Қазақ халқыда бұл мейрамды жылда тойлайды.
Дэвид:Қазақтың мейрамында қандай дәстүрлер бар?
Әлібек:Бұл мейрамның қызығы өте көп.
Дэвид:Киіз үйдің ішін көрсет!
Әлібек:Әрине көрсетемін.Жүр,үйге кір!
Дэвид:Әлібек,қарашы,мынау-дегенің керемет қой!
Әлібек:Иә,бұл-домбыра мен қобыз.
Дэвид:Әлібек саған шексіз рахмет!
Әлібек:Сағанда көп рахмет,Дэвид!
1.Дэвидтің көңіл күйі жақсы,таңқалыс көп.Бәріне таңқалып,сұрақ қойумен келеді.
2.Әлібектің көңіл күйі жақсы,мақтанышы көп.Әлібек сұраққа жауап беріп,қарүйді көрсетіп қазақ болғанына мақтанып келеді.
Біріншіден, мұндай тамақ тоқтық сезімін ұзақ уақыт сақтайды. Себебі оны қорыту үш сағаттай уақытты алады.
Екіншіден, салқын тамақ асқазанды тезірек қалдырады. Бірақ бұл жағдайда аш ішек қоректік заттарды сіңіре алмайды. Жалпы, мұндай әдеттің арқасында асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде метаболизм бұзылып, дисбиоз көрінуі мүмкін.
Үшіншіден, салқын сусындар тонзиллит пен басқа созылмалы ауруларды қоздыруы мүмкін. Алайда, доктор Комаровский, керісінше, салқын сусындар мен балмұздақ тамақтың қатып, шексіз суықтан арылуына көмектеседі деп санайды.
_Сондықтан ыстық тағам мен суық тағамды өз ретімен тұтыну керек_.
Армандар қайтсе орындалады?
Армандамайтын, тәтті қиялға берілмейтін адам жоқ шығар? Адамға армандау керек, себебі армандар бізді алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді.
Арман – бізді қанаттандыратын сезім. Армандау арқылы біз алысқа көз тігіп, жарқын болашақ туралы ойланамыз.
Ал осы армандарымыз қайтсек орындалады екен? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Соңғы кездері ерекше танымалдыққа ие болып отырған визуализация тәсілі туралы естідіңіз бе? Яғни, елестету деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге армандаған нәрсеңізге қол жеткізгендей сезініп, өз іс – әрекеттеріңізді көз алдыңызға елестету арқылы сол арманды өзіңізге жақындатасыз. Сонымен қатар тек жағымды ойлаңыз. Сонда сәттілік сізбен бірге болады. Адамдардың көбі ақыл-ойларын өздеріне қиындық әкелетін түрлі проблемалар мен түйткілді мәселелерге аударып, үнемі солар жайында ойлап жатады. Бұлай жасау сізге сол қиындықтан құтылуға көмектеспейді, керісінше, ақыл-ойыңыз арқылы қиындықта мәңгі қалуға жағдай жасайды. Қиындықты ойлап, содан неғұрлым құтылсам деп қашқан сайын, ол сізге желімдей жабыса түседі. Одан құтылу үшін – ол жайында ойламай, керісінше көңіліңізді көтеретін тек жағымды ойларға беріліңіз.