«Отан отбасынан басталады» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Алмасбек, маған шығармашылық жұмысқа түрлі адамдарын пікірін жинастырып, талдау жұмысын жасау керек. 5 – 10 минут уақытың болса, бір сауалға жауап беріп, өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?
Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?
Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Осы сөздермен келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың қандай?
Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Еркебұлан: Қандай керемет жауап. Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала мен қыз бала тәрбиесі қандай болу керек?
Алмасбек: Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген. Қай заманда болмасын, қазақ отбасында ұл бала әкеге қарап,қыз бала анаға қарап есейеді. Әкелеріміз ұл баланың бойына өнер мен еңбектi,iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ал қыз баланы инабатты да көргенді болып өсуіне аса мән берген.
Еркебұлан: Пікіріңе көп рахмет, достым!
Алмасбек: Оқасы жоқ.
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан
1«Ақсу-Жабағылы» қоры Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары шегінде Қазақстан шекараларының Өзбекстан мен Қырғызстанмен қиылысында 128,118 гектар аумақты қамтиды. Ақсу-Жабағылы негізгі аумағы Талас Алатау жотасының батыс бөлігін және теңіз деңгейінен 1100-4200 м биіктіктегі Угам жотасының шеткі солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.Алма-Атинское қорық 1931 жылы 15 мамырда Мало-Алма-Аты ретінде 15 000 гектар аумақта құрылды. 1935 жылы оның ауданы 40 мың гектарға дейін, содан кейін 8 566 80 га дейін ұлғайғаннан кейін, ол Алма-Ата деп аталды, ал Малая Алмаатинка бассейнінен басқа, Жалаңаш пен Соқетин алқабының іргелес таулармен қосылды. Алайда, 1939 жылы оның аумағының кейбір бөліктерін түрлі ұйымдарға беру басталды, ал 1951 жылы резерв жойылды.Тек 1961 жылғы 31 шілдеде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №524 қаулысымен резерв қалпына келтірілді, бірақ қазірдің өзінде Шелек, Табанкарағай және Тауық орман коттедждер аумағында орналасқан. Үш жылдан соң, 1964 жылы ол қазіргі заманғы аумаққа - Ыстық және Талғар өзендерінің бассейніне ауыстырылды. Қазіргі уақытта қорық 71 700 га аумақты қамтиды. Орталық манор Алматыдан 25 км Талғарда орналасқан.
«Алакөл» резерваты.