Алматыда грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі мен спорттағы жолы туралы "Жеңіске деген жігер" деректі фильмінің премьерасы өтті.
Фильмде Жақсылық Үшкемпіров туралы кинохроника мен әңгімелер кезек беріліп отырады. Фильмде спортшы туралы актер Асанәлі Әшімов, әнші Роза Рымбаева, мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, спортшы Ермахан Ыбырайымұлы, спортшы әрі жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов пікір айтады.
"Жеңіске деген жігер" фильмінде пайдаланылған кинохроникада Үшкемпіровтің спортта жүрген жылдарындағы жаттығулары, түрлі жарыстардағы күрескені, оның ішінде 1980 жылы Мәскеу олимпиадасындағы күрескен сәттері көрсетіледі. Бұл олимпиадада Үшкемпіров 48 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада чемпионы болған. Деректі фильмде қазақстандық саясаткерлерден Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаев көрінеді. Фильмде Жақсылық Үшкемпіров фильмде спортшы кейпінде ғана емес, отбасы ортасында, қазіргі кәсібі тұрғысында да көрсетілген.
Деректі фильмді "Қазақфильм" киностудиясында режиссер Тоқтар Қарсақбаев түсірген. Фильмнің премьерасына Жақсылық Үшкемпіровтің өзі де қатысты. Жақсылық Үшкемпіров 6 мамырда 64 жасқа толған.
Ел іші — өнер кеніші» деп, дана халқымыздың ойшылдары бекер айтпаса керек. Қастерлі жердің қара топырағында ер жетіп, бала арманының жүзеге асуын асыға күткен Серікқали Байғалиұлы Көкенов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол аулында өмірге келген. Қарапайым отбасынан тәлім алған бала Серікқали ауылдағы орта мектепті үздік тәмамдап, ел қатарлы Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанады. Екі жыл қатарынан әскердегі борышын өтеп келгеннен соң, 1985 жылы Гоголь атындағы Алматы Көркемөнер училищесіне оқуға қабылданады. Жан дүниесі бала кезінен өнерге, оның ішінде қолөнер бұйымдарына ерекше ықылас танытқан ол осы өнер ордасында жүріп, алғашқы дүниелерін жасай бастайды. Аталған училищені 1989 жылы театр-безендіру бөлімі мамандығы бойынша тәмамдайды. Осы уақыттан бастап, Серікқали ағаның өнер жолындағы алғашқы қадамдары басталады. 1990 жылы Серікқали Байғалиұлын «Шеберлер аулы» деп аталатын қолөнер шебері жұмысына тағайындайды. Өз ісінің шебері атанған Серікқали ел ішінде жүрген талантты жастарды қарамағына алып, оларға қастерлі өнердің қыр-сырларын үйретумен болды. Қолынан бұйым жасау қабілетін аңғарған ауыл жастарын өзіне қарай тартып, ұстаздық етумен айналысты.Қазақ халқының ер-тұрмандары, батырларымыздың сауыт-саймандары, қыздарымыз бен әжелеріміз таққан әшекей бұйымдар, тұрмыстық заттардың барлығын «Шеберлер аулынан» тауып алуға болады. Асқан сабырлық пен төзімділікті, қажырлықты қажет ететін өнер атаулының осы түрін жастар жағы тез үйренуде. Тіпті олардың арасынан шағын шеберхана ашып алғандары да бар. «Ежелден келе жатқан, ата дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен қолөнер туындыларын жасау мен үшін зор мәртебе. Мұндай бұйымдарды аса бір қызығушылықпен, жұмысқа деген махаббатпен іске асырмасақ, ойлағаныңдай шықпайтыны бар. Әрбір әйел затының әшекейін жасау барысында ұқыптылықпен, ерекше безендірумен бастағанды жөн көрем. Себебі, әйел жаны сондай нәзік және қашанда көрсең сұлулыққа құмар. Сол себептен әр бұйымның өмірге келуі де өзінше қызық екені рас», — дейді шебер.
Алатаудың әсем табиғаты қаншама қазақ баласының өнердегі өресін өрістетіп, арманының асқақтауына қуат беруде. Алыстағы арманы ару қала Алматыда орындалған ауылдың қарадомалақ баласы бүгінде өзін бақытты жандардың қатарына жатқызады. «Шеберлер аулының» бас ұстазы Серікқали Көкеновтың қолынан шыққан төл туындылары Қазақстанның біршама қалаларының көрмелерінде қойылған. Сонымен қатар осы жылы Қазақстанда өткен «Шебер» деп аталатын қолөнер байқауының жүлдегері атанып қана қоймай, «ЮНЕСКО» сапа белгісі бойынша жеңімпаз болған. Тәуелсіздіктің туы желбіреген жазиралы өлкеде тіршілік етіп жатқан Серікқали ағамыздың жұмыс уақыты әдеттегідей өз шеберханасында, шәкірттерінің ортасында өтіп жатыр. Еңселі еліміздің іргетасын қалауда өздігінше үлес қосып жатқан Серікқали Байғалиұлының келешектегі атқарар қыруар жұмыстарына тек сәттілік тілейміз. Халқымыздың ұлттық сипатқа ие төл дүниелерін дамытуда қажырлы еңбегіңіздің жемісін көріңіз!Ел ішінде бес саусағынан өнер тамған шеберлер аз емес. Дана халқымыздың ежелден келе жатқан қолөнер дәстүрі бүгінгі күні жаңаша түрге еніп, қазақы салттың келешегіне сүбелі үлесін қосуда. Ата-әжелеріміздің күнделікті тұрмыстық қолданысына ие болған әшекейлі бұйымдар – қазіргі заманның сұранысын тудырып отырған заттар болып табылады. Елімізде өнер атты өнегелі туындының бұл түрімен айналысатын азаматтар жетерлік. Сондай шебер азаматтардың бірі Көкенов Серікқали ағамыз.
Объяснение:
неше бал қоясың
-Тараз,Отырар,Баласагун
-Отырарда не бар?
-Бұл қалада ең ірі кітапхана бар.
-Ал бұл қалада кім дүниеге келген?
-Отырарда ұлы ойшыл әбу насыр әл фараби дүниеге келген
-Таразда не орналасқан?
-Таразда Айша бибі кесенесі орналасқан
-Тараз қандай қала?
-Тараз өте көне қала