Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-сы т.б.), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы т.б.), физ.-мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т.б.), электрфиз. (электр өткізгіштігі, концентраттануы т.б.), оптикалық, магниттік т.б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды А. қ-дың ішіндегі ең қарапайымдары — екі элементтен құралған бинарлы заттар. Олар құрамына байланысты кластарға (мыс., гидридтер, оксидтер, галогенидтер) жіктеледі. Бұлардың атаулары анион түзуші элементтің атына -ид жалғауын қосудан шыққан. Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Мыс., азот оттекпен қосылып 5 түрлі оксид береді. Олардың (дальтонидтер) құрамы тұрақты, құрылымы молекулалық болып келеді. Бинарлы қосылыстардың ішінде құрамы тұрақсыз, өзгермелілері де кездеседі (бертоллидтер). Бинарлы қосылыстар ионды (тұзтектес), ковалентті және металл тектес болып 3 түрге бөлінеді. Олардың қатарына интерметалдық қосылыстар да жатады (мыс., мыстың құймалары — қола, жез). Бинарлы қосылыстардың өзара әрекеттесуінен күрделі А. қ. шығады. Олардың құрамына үш не одан да көп элементтер енеді. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Тұздар өз кезегінде қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады.
Объяснение:
Относится к классу углеводов. - Да
Взаимодействует со щелочами. - Нет
Горит с образованием углекислого газа и воды - Да
Является главной составной частью природного газа. - Нет
Образуется в процессе фотосинтеза. - Да
При нагревании разлагается на простые вещества. - Нет
Используют для получения растворителей, волокон, пластмасс. - Нет
Дает реакцию “серебряного зеркала”. - Да
Обладает высокой токсичностью - Нет
При попадании на кожу вызывает ожоги - Нет
Вещество, имеющее в своем составе карбонильную группу. - Да
Вступает в реакцию замещения с галогенами. - Нет
Не образует изомеров. - Нет
Проявляет свойства многоатомных спиртов - Да
Вещество, которое в промышленности получают окислением бутана - Нет
Применяется в качестве топлива. - Нет
Хорошо растворяется в воде. - Да
Используют для получения ацетилена - Нет
Вступает в реакцию этерификации. - Нет
Бесцветный газ, легче воздуха, образуется при гниении органических веществ, называется «болотным или рудничным газом» - Нет
Важным свойством данного вещества является брожение. - Да
В быту, при приготовлении теста, этим веществом гасят соду. - Нет
Содержится почти во всех органах растений: плодах, корнях, листьях. - Да
Легкокипящая бесцветная жидкость, нерастворимая в воде, со своеобразным запахом. - Нет
Находит применение в пищевой промышленности. - Да