ответ:Кейбір бейорганикалық қышқылдар: фосфор (Н3Р04), кремний (H2SiO3), бор (Н3В03) және көптеген органикалық қышқылдар қатты заттар болып келеді. Күкіртті сутек (H2S) және галогенді сутек (НГ) қышқылдары - газдар. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).
Қышқылдардың диссоциациясы:
HCl→H++Cl-
HNO3→H++NO3-
Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады.
Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады.
H2SO4→H++HSO4-
HSO4-→H++SO42-
H2SO4→2H++SO42-
Бұл жолы барлық жағдайда Н+ (протон) бөлінгенін көреміз.
Диссоциациялану теңдеуінің екі жағындағы иондар зарядтарының шамалары өзара тең болуы керек.
HSO4-→H++SO42-
(-1 =+1+(-2))
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.
Дано: Решение:
m(CO) = 56 г n(CO) = m(CO) / M(CO) = 56 г / 28 г/моль = 2 моль
М(СО) = 28 г/моль V(CO) = Vm * n(CO) = 22,4 л/моль * 2 моль = 44,8 л
Vm=22,4 л/моль
Найти:
V(CO) =?