ответ:Ата-баба - санатының қазақ этносының дәстүрлі құрылымдық-функционалдық төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы - жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы. Алайда, бұл ұғым кейде жеті атадан тарайтын бақилық болған ұрпақтардың жалпы атауы ретінде де қолданылды. Екіншісі - туыстық-рулық қатынастардың іргелі принциптері мен нормалары бойынша белгілі бір тайпалық құрылымға кіретін жеті аталық рулардың ортақ ата тектерінің атауы.
Объяснение: