Мұнайшылар атқылаған мұнайды жеңіп, тұмшалады.
Адамдар атқа, түйеге, машинаға кейбірі жаяу, балаларымен қоса, шыңырауға қарай беттеді.
Бұрғышыларды төбелеріне көтеріп, құттықтады.
Асанбай үйіне қарай жөнелді.
Объяснение:
Мәтінді де түсіргеніңде жақсы болар еді. Қателеспесем мынадай мәтін болу керек:
Ертеңіне түс ауа шыңырау төбесіне желбіреген қызыл ту көтерілді. Бұл фонтанды бұқтырып болдық, тас бекітіп бағындырып алдық жеңдік деген белгі еді. Ысқырып-осқырып атқылаған мұнай пысқырып-түшкіріп тұмшаланып қалды. Алыстан аңтарылып көз алмай күтіп жүрген жұрт аттылы, жаяулы, машиналы, түйелі шыңырауға қарай ағылып келеді. Оттан ұшқан ұшқындай ұшып, қалың топтың екі жанында балалар ойнақтап келеді.
Қалың қол шыңырауға жетті де бұрғышыларды жұтып жіберді: көтеріп әкетті, құшақтап алды, қоршап әкетті. Мыңдаған ауыздан жарыса шыққан қуаныш сөздері қат-қабаттасып у да шу гуілге айналып кетті.
Асанбай дос құшақтардан әрең босанып, шұбырған жұрт соңында, үйіне қарай жөнелді.
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.
Объяснение:
Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
дұрыс шығар