(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!
Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, мәдениет үйі, спорт мектебі. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда мұнай өндіреді.Ауылға кірер аузында келіндерді күтіп алар шағын ағаш үй бар «Келін төбе» деп аталады. Алыстан шаршап келе жатқанда сол ағаш үй көрінсе ауылға жақындадық деп қуанып секіреміз.Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады.Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Демалыста Саркөлде тұратын әжеме барамыз, шаруасына көмектесеміз кішкентай сіңілім шыбыннан қатты қорқады, бөпем малдың төлін көріп кетпеймін деп жылайды. Жазда әжемнің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.
Объяснение:
Ұлы Жібек жолы - Қытайдағы Сианьден Шыңжаңға, Орта Азия арқылы Таяу Шығысқа керуен жолы. Бұл атауды неміс ғалымдары Ф.А. фон Рихтофен және А. фон Рихтофен Герман 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті ошағының тарихи ескерткіштерінің бірі. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырдан бастап бұл жол Еуропа мен Азия - Батыс пен Шығыстың көпірі болды, ал VI ғасырдан бастап Қазақстан аумағын кесіп өткенде екі бағыт болды: Сырдария мен Тянь-Шань. Алғашқы жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан арқылы Қашқар арқылы Жетіку, Сырдария бойымен, содан кейін Арал теңізінен батыс елдеріне өтті.