7-тапсырма. Жақша ішіндегі қажетті сөздерді дұрыс тұлғада қойып, сөй-
лемдерді көшіріп жаз.
1. мамандық таңдау адам өмірінде көп нәрсені шешеді, сондықтан ма-
мандық таңдауда (ойлау, қателесу, келісу) болмайды. 2. Таңдаған мамандығың
бойынша көптеген (оқу, адам, ақпарат) алдын ала танысқаның жөн. 3. (Уни-
верситет, қала, мамандық таңдамас бұрын қандай мамандарға сұраныс барын
біліп алғаның дұрыс. 4. Осы салада жұмыс істеп жүрген білікті мамандардан
кеңес алу да артық (жүрмеу, болмау, есептеу
Мен ұнататын қысқы табиғат.
Кеше жапалақтап қар жауды.Бүгін таң сәріде тысқа шықсам,айнала мамық қарға оранған.Ал алтын күннің сәулесінен қар беті одан әрі жылтырай түскен.Қыстай тоздырамын деген шанамды сарайдан зорға дегенде шығарып алдым.Атам биік жерге жинап қойыпты.Қалың киімдерімді қар қазір ғана еріп кететіндей асығыс киіп алдым да далаға шанамды сүйреп шықтым.Мұз айдынының маңындағы алаңда мен секілді балалар аққала тұрғызып,асыр салып ойнап жүр.Мен де бос тұрмай төмпешіктен төмен қарай сырғи түстім.Байқаусызда көрші балалардың аққаласын түйіп кеттім.Олар маған жалт қарады.Мен олардан кешірім сұрадым да жаңадан аққала салып беруді жөн көрдім.Қыстың осы бір әдемі әрі қызықты күнінде күннің қалай батып бара жатқанын да байқамаппын.Анам алыстан дауыстап шақырды.Мен өзгелермен қоштасып,үйге қарай астымдағы күтірлеген қарға қызығып кете бардым.Үйге келіп жылындым да,терезедегі аяз салып кеткен әсем қырауларға тамсана қарадым.Қысқы табиғат маған осындай ғажаптағымен ұнайтын.Әрі маған биылғы қыс өте керемет өтетіндей көрінді.