М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MilanaKnyazeva230899
MilanaKnyazeva230899
02.01.2020 12:04 •  Қазақ тiлi

Используя слова, составьте небольшой текст
НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ!
Дәрігер, еңбек, нашақорлық, су, спорт, ас, тағам, тамақ, уақыт, лас, ықшам, қоршаған орта.

👇
Ответ:
levro76
levro76
02.01.2020

Дәрігер өте құрметті адам, ол денсаулық сақшысы.  Дәрігер еңбегін бағалай білейік. Ерінбей еңбек етсең, оның рахатын көресің. Нашақорлық адамды адамгершіліктен айырады, адам одан аулақ болу керек. Су тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Спорт денсаулық кепілі. Ас адамның арқауы, адам дұрыс және уақтымен тамақтанып жүру керек. Тек пайдалы тағамдарды таңдай біл. Тамақ дайын болды, дастарханға тағамдар қойылды. Уақыт аз қалды, жұмысты тезірек аяқтайық. Лас аяқ киімдерді сыртта қалдырыңдар. Олар ықшам ғана салынған үйде тұрады. Қоршаған орта таза болсын, оған бәріміз ат салысайық.

Объяснение:

4,4(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milanareemets
milanareemets
02.01.2020

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

Менің ана тілім - қазақ тілі. Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

4,7(18 оценок)
Ответ:
systemka470
systemka470
02.01.2020
Наурыз. Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Әз – халық аңызында күн мен түннің дәлме‑дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22‑сіне дейінге үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз: «Әз болмай, мәз болмайды», деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдікәлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады‑мыс. Наурыз бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі – сүрленген қазы‑қарта, жал‑жая...берілетін арнаулы бата.
Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс‑салт жырының бір түрі.Наурыз көже – келер жылы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай‑қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже» деп те атай береді.Наурыз мейрамы (наурыз тойы) – күн мен түннің тенелетін күні 22 наурызды атап өтетін ұлы мереке. Ұлттық дәстүр‑салтымыз бен ойын‑сауығымыздың бәрі де тегіс қамтылатын жыр‑думан.
4,4(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ