1-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Жиналыстың күн тәртібіне...
2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша С.Ермековтың ... .
3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша үш адам...
4. С.Ермековтың пікірін көпшілік ... .
5. Бірінші мәселе бойынша ... .
6. Дауысқа салған кезде ... болған жоқ.
Керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлданды.
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
ІТабиғат қарапайым және ол артық себептермен құлпырмайды.
Көру мен түсіну қуанышы — табиғаттың ең тамаша сыйы
Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.
ІАдам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі.
Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе. Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.