Құрметті (имя)!
Сәлем!Бұл мен (имя).Сені туылған күніңмен құттықтаймын!Ата-анаңның мақтанышы болып жүре бер.Сабағаңды жақсы оқып бітіріп, жетістіктерге жет.
Құрметті анашым!
Сізді туылған күніңізбен құттықтаймын!Ешқашан ауырмай, сырқамай қасымызда күліп ойнап жүре беріңіз.Мен сізге мені әлі күнге дейін бағып-қағып өсіріп жүргеніңіз үшін,меннен ештеңе аямай өсіргеніңіз үшін мың алғыс айтамын!
Құрметті әкешім!
Әкешім,туылған күніңізбен құттықтаймын!Армандарыңыз орындалып,ауырмай ортамызда күліп жүріңіз!Әрқашан қасымнан табылып,асқар тауым болғаныңызға көп алғыс айтамын.
1. Әрбір қазақ Абай шығармаларымен таныс болуы міндет. Мен оның 45 қара сөзін жаттаймын.
2. Мұқағалидің өлеңдерін жатқа білуім керек.
3. Қазақтың көнерген, қолданыстан шыққан сөздерін және олардың мағыналарын білуім қажет.
4. Қазақ халқының тарихы туралы деректі тарихи фильмдерді көп көремін.
5. Қазақ тілім мен Отаным жайлы эссе шығармалар жазуым керек.
6. Түрлі Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қоғамдық іс-шараларға көптеп қатысуға тиіспін.
7. Бүгіннен бастап мейілінше тілдің тазалығын сақтап сөйлеймін.